Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты "Жаңаұйым жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты "Жаңаұйым жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhanauim.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектеп тарихы

Мектеп 1934жылдан бастап «шағын жинақты бастауыш мектеп» болып жұмыс жасады. Бұл мектепте 4 оқу кабинеті бар еді. Бала санының аздығынан оқушылар шағын жинақты сынып комплект негізінде оқыды.

2000 ж Жаңа - ұйым шағын жинақты негізгі мектепке айналдырылды. Осы ескі ғимарат жанынан Асар негізінде жаңа ғимарат соғылған. Осы мектеп 2001 жылы «шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі» болып ашылды. Бүгінде ескі мектеп ғимараты сақталмаған. Оның орнына жаңадан қосымша 3 қабатты ғимарат соғылды. Бұл ғимаратта жаңадан спорт залы, акт залы, кітапхана және оқу кабинеттері қарастырылған. 2018 жылының қыркүйек айында қолданысқа берілді.

Мектеп кітапхана қорында кітап бар, Оның ішінде 7 педагог - зерттеуші, 5 педагог - сарапшы, 14 педагог - модератор, 1 жоғары санатты, 1 бірінші санатты, 7 екінші санатты, санатсыз - 3 ұстаздар жұмыс жасайды. Оқушылар саны 224 - тен асады.

Мектепті басқарған азаматтар:

1934 - 1945ж аралығында Келдібек ағай басқарған.

(1945 - 1970ж) Тұрлыбаев Сүйінбай, (1970 - 1988ж) Набиев Смат, (1988 - 1991ж) Сүлейменов Бауыржан, (1991 - 1992 ж) Жайлаубаев Самат Кертайұлы, (1993 - 1997ж) Асылбеков Тұрмахан, 1997 ж - 1999 жыл Куралова Сабира Елубайкызы, 1999 ж - 2006 жыл Наурызбаев Убайдулла Холматович, 2006ж - 2009 жыл Өтенбаев Нұрғали, 2009ж - 2012 жыл Маймакова Жанат, 2012ж - 2016 жыл Курбанова Гүлнар Шералықызы басқарды.

2016 - 2024 жылға дейін Толегенов Ильияс Мамырұлы мектеп директоры қызметін атқарды.

2024 жылдан бастап Ибрагимов Сабит Усинбайулы мектеп директоры қызметін атқарып жатыр.

 

Мектептен шыққан белгілі тұлғалар:

Мектеп түлектердің арасында аудандық, облстық, республикалық деңгейде қызметте жүрген азаматтар:

Жабаев Жанпейіс Жанібекұлы Қазақстан республикасы көлемінде еңбек сіңірген бапкер;

Тұрлыбеков Уәлихан республика көлемінде қызметте болған;

Сейітов Жамбыл аудан көлемінде басшылықта болған;

Сахыбаев Әбдіразақ басшылық қызметтер атқарды;

Төребеков Үсен облыс деңгейінде башылықта;

Есимов Мекенбай облыс көлемінде басшылықта;

Түймелиев Даулет облсы көлемінде басшылықта;

Оразқұлов Бекжан Сәрсенұлы аудан көлемінде басшылықта

 

Мектеп түлектері арасынан өнер саласында жүрген азаматтар:

Ниязбек Аян Иманбайұлы жасөспірімдер арасында республикалық ақындар айтысының жүлдегері

 

Мектеп түлектері арасынан спорт саңылақтары:

Жетпісбаев Еркін Базарбайұлы ҚР үздік жаттықтырушысы, үздік бапкер

Нартай Айтбек Батырханұлы «қазақтың ұлттық ойыны - Көкпардан» ҚР жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан чемпионы

Ибадилла Нүрсейіт Бекайдарұлы «ДЖИ - ДЖИТСУ» спорт түріне ҚР чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Жарқұлов Ербол Шымкентбайұлы ДЗЮДО - дан республикалық Қапал батыр турнирінің күміс жүлдегері,

Набиев Нұрболат Асқарұлы « Үздік дене шынықтыру пән мұғалімі» төсбелгісімен марапатталған

Кенжалиев Ғалижан Қасымханұлы «БОКС - тан» республика жеңімпазы

Ниязбек Ахан Мұхитұлы «БОКС - тан» облысы жеңімпазы

Алдабергенов Ербол Жолынбекұлы «БОКС - тан» облысы жеңімпазы

Тұрлыбаев Нұрлыбек Мұратбекұлы «БОКС» обылсы жеңімпазы

Батырғали Ернұр Жұмаханұлы Қазақстан Чемпионаты 1 орын 2024 жылы

Еуропа чемпионаты Словакия 1 орын 2024

Қазақстан Чемпионаты 2 орын 2023 жылы

Беларуся Гомел каласы 2 орын 2023 жылы

Қазақстан Чемпионаты Қазақ күресінен 1 орын 2022 жылы

 

Мектептің жұмыс бағыты

Мектеп ұжымы әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында  жұмыс жасауда. Бүгінгі күн талабы Жаһандану көшінен қалмау үшін жан - жақты дамыту бағытын негізге алған. «Ұзтаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай даналығын налған мектеп ұстаздары сабақ үдерісі барысында оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға аса зор назар аударады. Мектепте 4 пән бірлестігі жинақталған. 2015 - 2025 жылдарға арналған даму жоспары жасалған.